жаңа жыл 2018 » СШ №9
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан аындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 3-83-60
Есепші бөлімі:
+7(72636) 3-83-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » жаңа жыл 2018
25
июнь
2018

жаңа жыл 2018

№9 ОМ 25-28 желтоқсан аралығында өткізілген мерекелік шыршаның мәліметі

Мерекелік шырша 25 желтоқсанда басталып, бастауыш сыныптарға ертегі желісі бойынша бағдарлама қойылды. Бағдарлама бойынша шырша өткізіліп, балаларға сыйлықтар таратылды. Ертегіні қоюға мектебімізде тәжірибеден өтіп жүрген білімгерлер көмектесті. Ертегі балалардың көңілінен шығып, ата-аналар алғыс білдірді.

26 желтоқсанда орта буынға мерекелік шырша ұйымдастырылды. Шырша ойын, жарыс негізінде жүргізілді. Ойынға ата-аналар, сынып жетекшілер қатыстырылды. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, қошеметке ие болды. Мерекелік шырша би кешімен аяқталды.
27 желтоқсан күні жоғарғы сыныптарға мерекелік шырша ұйымдастырылды. Оқушыларға әр түрлі байқаулар, ойындар жасалып, жарыс түрінде өткізілді. Мереке соңында кешіміздің Ханзадасы мен Ханшайымы анықталды. Мереке би кешіне ұласты.
28 желтоқсан күні ауылдық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шырша өткізілді. Балаларға ертегі қойылып, ертегі кейіпкерлерімен ойындар ойнатылды. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға өздерінің тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Ата-аналар да балалармен бірге би билеп, ойындарға қатысты. Ата-аналар мереке соңында сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты. Әкімшілік тарапынан балаларға сыйлықтар таратылды.

ДТЖО: Курманкулова Н.Т., Баймухамбетова Д.Т.