Қош бол, алтын ұям - мектебім » СШ №9
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейхан аындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 3-83-60
Есепші бөлімі:
+7(72636) 3-83-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қош бол, алтын ұям - мектебім
25
июнь
2018

Қош бол, алтын ұям - мектебім

« Қош бол, алтын ұям - мектебім» атты №9 орта мектебінде өтетін 2017-2018 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатының жоспары
Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары Курманкулова Н.Т., Баймухамбетова Д.Т.
Жүргізуші: математика пәнінің мұғалімі
Кикинадзе М.Б. және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ахтамбердиева Е.С.
1-жүргізуші. Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, « Сыңғырла соңғы қоңырау» атты №9 орта мектебінің 2017-2018 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатына қош келіпсіздер !
2-жүргізуші. У нас сегодня день особенный, И радостно, и грустно нам слегка. Мы собрались торжественно сегодня На праздник Последнего звонка.
Здравствуйте, уважаемые учителя, родители и ученики! Каждый год в этот яркий майский весенний день наша школа преображается, именно в этот день проходит самое красивое торжественное и в тоже время личное и сентиментальное традиционное празднество – это торжественная линейка, на которой прозвучит для выпусников последний школьный звонок.
Мадияр Ажимханович Мектеп, түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! (Ортаға ҚР мемлекеттік туы әкелінеді)
1-жүргізуші. Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.

1-жүргізуші Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге.
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран.
ҚР көк байрағы әрқашанда қуанышта, сән салтанатымен желбіресін дей келе, Ауқатты ауылы №9 орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші. Промчались годы в школе средней, И вот уж наступает срок, Когда тут будет дан последний Для старшеклассников звонок. Торжественная линейка, посвящённая окончанию учебного года, объявляется открытой.
1-жүргізуші
Ендігі кезекте ардагер ұстаздар мен қонақтарымызды төрден орын алуға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ветеранов педагогического труда и гостей просим занять места в президиуме
1-жүргізуші Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 11А сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Ондербаева Гүлбану Детписбаевна. Сыныпта 16 оқушы.
1.Турдубеков Айдын, Джинлиров Шакир
2. Майсуп Жангир, Молдажан Айым, Ыдырыс Әділ
3. Исабеков Фархад, Мұратова Аяжан, Әбдәлім Ержан
4.Ақынбай Арна, Баймухамбетова Аяжан,
5. Алмахамбет Дулат, Наурызбай Айгерім
6. Усали Бексұлтан, Бейқұтова Гүлдана
7. Жолдас Өрнек, Шәрапи Ақерке

2-жүргізуші:
Под ваши нескончаемые аплодисменты мы приглашаем выпускников 11 «Б» класса
Классный руководитель, учитель русского языка и литературы: Лирова Шохуар Чанчиновна. В классе 16 учеников 1 Исырова Наргиза
2 Шолоэрова Фатима
3 Губе Фарида
4 Бишанло Разия
5 Лирова Наргиза
6 Ихия Хеджер
7 Фоню Лугмар
8 Даурова Мадина
9 Кимурова Асия
10 Махей Арафат
11 Лирова Асия
12 Шарова Мерьем
13 Хиярова Шахида
14 Паншарова Альфия
15 Нуров Алим
16 Сандурова Асия
1-жүргізуші Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші, мектебіміздің биші қыздарының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:
Вас в школе шумной не забыли,
Ведь Вы профессию свою
Открыто, искренне любили
И душу отдавали всю!
Песня «Мой добрый учитель» в исполнении 9 «Г» класса.
1-жүргізуші.
Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан тура 24 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым «ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбеліндей жақтастары да айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі – Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді.

2-жүргізуші: В этом году нашей столице исполняется 20 лет. «Астана - это символ обновления Казахстана, символ неиссякаемой созидательной энергии его многонационального народа. Это символ веры народа, приступившего в далеко не самые легкие времена к возведению новой столицы, в свои собственные силы. Это символ надежды и уверенности нации, обретшей свободу, в своем процветающем будущем, в будущем своих потомков»
1-жүргізуші. Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:

1.Гость с Кордая-----------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Слово для поздрвления предостовляется Акиму Аухаттинского сельского округа Карымсакову Данияру Еркінбаевичу
1-жүргізуші. Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының құттықтау сөзі мектеп директоры Молдажанов Бақтыбек Шұлғаубайұлына беріледі.
2-жүргізуші: Биылғы жылы мектебіміздің алған асуы мол. Оның барлығы да озат оқушыларымыз бен талай жүйрікті артта қалдырған спортшыларымыздың арқасы. Олай болса, озаттарымызды марапаттау рәсімін бастаймыз.
Ол үшін 2017-2018 оқу жылының қортындысы туралы мектеп басшысының бұйрығымен таныстыру үшін сөз кезегі мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Гакштетер Надежда Михайловнаға беріледі. (оқу озаттарын, оқушылардың жетістіктері бойынша, белсенді ата-аналарды марапаттау)
( К/Х)-----------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші. Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - дей отырып ортаға өз өнерлерімен 9 «а» сынып оқушыларын шақырамыз.

1-жүргізуші. Мына жолмен енді қайта өте алмай кетерсің,
Шыға алмаған, асуыңа аман болсаң жетерсің.
Ей түлегім, ей түлегім, басыңды бір көтерші
Мына тұрған мектебіңді қалай қиып кетерсің.
- Иә осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндер, бүгін таудай болып ұясынан ұшпақшы. Ендеше балған балалық шаққа саяхат жасап, 1 сынып оқушыларының періште көңілінен шыққан тілектерін тыңдайық.
Құттықтау сөз 1 сынып оқушыларына беріледі.

2-жүргізуші: Вы читали первые наши каракули
За руки везде водили нас.
Сколько раз мы от бессилья плакали.
Правда и смеялись сколько раз!
Теперь мы большие и взрослые люди
Но Ваших уроков мы не забудем.
Хоть время и будет лететь быстротечно
Но первый учитель-понятие вечное
Слово для поздравления предостовляется первым учителям выпускников

----------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші. Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі 11 «а» сыныбының жетекшісі Ондербаева Гүлбану Детпісбайқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Выпускники, внимание!
Настал черед напутствий и признаний
Для тех, кто не жалея сил,
Вел годы долгие ваш класс по школе.
Кто помогал вам в жизни вашей
Участием, советом и поддержкой.
Слово для поздравления предостовляется классному руководителю 11 «Б» класса Лировой Шохуар Чанчиновне

1-жүргізуші. Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан ----------------------------------------анасы -------------------------------------------- апайға беріледі.

2-жүргізуші: Школа окончена, плачут родители, сегодня они не просто зрители.
Бабушки , дедушки, папы и мамы с вами учились по полной программе.
С вами прошли они все испытания, с вами сражались в битвах за знания!
Последний Звонок- и вы победители! В этом заслуга ваших родителей!
Слово для приветствия предоставляется родителям выпускников!
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші. Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген,
Үлгілі әркез, ұстамды,
Сабырлы, ізгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз:
Айырылар кезде қимаймыз, — дей отырып ,жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз. (Номерымен)

2-жүргізуші: Всюду море цветов, одноклассников лица счастливые,
Грустно смотрит учитель, ваш выпуск шагнул за порог.
Вам теперь предстоит целый мир сотворить удивительный,
Выбрать жизненный путь среди множества разных дорог.
О радостном и грустном, о счастливом и предстоящем хотят сказать выпускники! Вам слово, дорогие ребята! (С муз номером)

1-жүргізуші. ( Кілт тапсыру) Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп, білімнің алтын кілтін ----------------- -------------------------------------------------------------------------------------- (Музыка әуенімен)
Оқушы сөзі: Қалт жібермей жақсы күннің қабағын,
Алау болып жанамын деп ойладым.
Ақынжанды болғаннан соң оқыдық,
Ұстаздардың мұқият тыңдап сабағын.
Көп іздедік, көпті көрдік, тыңдадық,
Қиналдық та, майыстық та сынбадық.
Есеппенен бас қатырып, тырысып,
Сөйлем талдап, романдарды тыңдадық.
Білім жолы- қиын жол! Қиындықтан қорықпа, білім алудан жалықпа. Білімнің мына алтын кілті сендерге алдағы көп сұрақтың жауабын шешуге көмектессін. Аманатқа осы кілтті тапсыра отыра сендерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
2-жүргізуші: Выпускники, в последний раз
Звонок сейчас звучит для вас.
11 Счастливых лет
Вам не забыть, конечно, нет.
Вас поздравляет 9 «Б» класс
1-жүргізуші.
35 жыл бойы нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз,
35 күндей боп 35 жыл өтті кездестік,
Мектебіне арналады бұл лебіз,-дей келе, мектеп бітіргеніне 35 жыл толған түлектерді ортаға шақырамыз. Ортада осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1982 жылы мектептен түлеп ұшқан шәкірттер тұр. Ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Тридцать пять...поверить трудно.
Годы быстро пролетели.
С вами, парни и девчата,
Помудрели, поседели.
Встреча наша — это праздник,
Это — песня для души.
Пусть веселым будет встреча.
Ну-ка, класс, давай пляши. Вам посвящается музыкальный номер «Я-казах»!

1-жүргізуші. Соңғы қоңырау. Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып Турдубек Айдын мен, 1 сынып оқушысыШораева Анисаға тапсырылады.
(Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады)

2-жүргізуші: Право дать последний звонок предоставляется выпускнику 11 «А» класса Турдубек Айдыну и ученице 1-го «А» класса Шораевой Анисе
1-жүргізуші. - Қоштасады ұшқан ұяң, мектебің,
Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» деп, қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды, тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен
«Мектеп вальсін » айтып тұрып
– дей отыра мектеп бітіруші түлектерді «Мектеп вальсіне» шақырамыз.

2-жүргізуші:
Звени звонок! Вплетаясь в трели птиц,
Вздымайся в высь, не сказкой будь, а былью.
Ты режиссер и автор все страниц,
Так просто названных веселой школьной жизнью.
Финал ученью. Радость, грусть
Смешались воедино, смело и капризно.
Звенит звонок последний пусть
Вам, объявляя о начале Новой жизни!

1-жүргізуші.
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!
1-жүргізуші. Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз! (11 сыныптарды шығарып салу)

2-жүргізуші:
"Желаю вам шагать по жизни смело,
Желаю счастья каждому найти,
Пусть сбудется, что каждому хотелось.
В дорогу, милые! Счастливого пути!"

Ән. «Мектеп туралы»

1-жүргізуші.Осымен 2017-2018оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.
2-жүргізуші: Торжественная линейка, посвященная празднику «Последнего звонка» 2018 года считается закрытой. Желаем отличных результатов на ЕНТ и государственных экзаменах. Хорошего всем отдыха и самого лучшего лета.