25
апрель
2017
қазақ тілінен ашық сабақ қаздар қайтып барады
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады»
Мақсаты:Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:1.тарихи шығармалардың шебері, Қазақстан Халық жазушысы Қ.Жұмаділов өмірі жайлы оқып біледі, шығарманың мазмұнын тапсырмалар орындау арқылы ашады.
2.Топтық жұмыс барысында бір-бірінің пікірімен санасады, өз ойларын дұрыс жеткізе алады. Сыни көзқарастарын қалыптастыру.
3. Топ мүшелері бір-бірін сыйлауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Шығарманың идеялық мазмұнын ашып, өзіндік ой түйеді. Жазушы, қарт және қаздар арасындағы ұқсастықты таба біледі.
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, ой қозғау, ЖИГСО, ой толғау, кесте толтыру, БББ кестесі
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, планшет, маркер, слайд
Сабақтың барысы:
. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2.Қызығушылығын ояту. «Гүл жинау»
Оқушылар қолдарындағы гүлдерін бір-біріне ұсына отырып, сабаққа қатысуға байланысты жақсы тілектерін айтады. Мысалы: Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
Сабақта бестік алуыңа тілектеспін
3. Топқа бөлу.Оқушылар түрлі түсті қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.
. Үйреніп келуге берілген тапсырманы еске түсіру
1. «Білім ағашы» арқылы өтілген тақырыпты қайталаймыз.
а.Ағашта ілінген сұрақтарға жауап беру
ә. Ақын өлеңдерінен үзінділерді жатқа оқу.
Сабақтың эпиграфы:«Туған жерде жүрсең, өз анаңның қолында ұйықтағандай сезімде боласың».
2.Ой қозғау. «Қаздар қайтып барады» әні орындалады.
Сұрақ: Бұл әннің бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар, тарихи шығармалардың шебері Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов және оның шығармасы жайында әңгімелейміз.
-Оқушылардың естіп- білгендерін еске түсіру мақсатында БББ кестесін толтыру ұсынылады.
Білемін Білдім Білгім келеді
Оқушылар сабақ барысында жазушы туралы білетіндерін жазып отырады.
Қ. Жұмаділов -1936 жылы 24 сәуірде Шығыс Түркістанда (Қытай Халық Республикасы), Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қабдеш Қазақстанның халық жазушысы. Ол Шәуешек гимназиясын аяқтап, 1956 жылы жолдамамен ҚазҰУ-не түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚазҰУ-ін 1965 жылы аяқтады. Қазақ әдебиетіне әңгіме хикаяттарымен бірге «Көкейкесті», «Атамекен», «Соңғы көш», «Тағдыр» атты көлемді романдар қосқан кемел жазушы «Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері атанды.
Жазушы жайында замандасы Әкім Таразы сөзін айтып өту.
Жазушы шығармасымен танысу. Баяу күй әуені ойнайды.
ЖИГСО әдісі. Топ мүшелеріне әңгіме бөліктерге бөлініп таратылады. Оқушылар топ ішінде оқиды, талқылайды, келесі топқа әңгімелейді.
-Проблемалық сұрақ:
1.Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?
2.Қарттың бөтен елде өмір кешу себебі неде деп ойлайсыңдар?
3.Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар?
Шығармашылық жұмыс:
3 топқа түрлі тапсырмалар беріледі.
-кесте толтыру
-әңгіме құрылысына талдау
-Байтас қартқа хат жазу
Семантикалық кесте:
кейіпкер Шығармадағы іс-әрекет Қарт бойындағы адами қасиеттер
-Әңгімені құрылысына қарай талдау:
Басталуы-
Байланысы-
Оқиғаның дамуы-
Шарықтау шегі-
Шешімі-
Идеясы-
Оқушылар тапсырмаларды орындап, жұмыстарын қорғайды.
5.Қорытынды.
Байтас қартты шекара асырып, қиыншылыққа алып келген не?
Бейнетаспадан қандастарымыздың 55 елде өмір сүріп жатқандығын айтып көрсету.
АҚШ-та 14 000
Украинада 15 000
Түркияда 25 000
Ресейде 740 000
Өзбекстанда 155 000
Моңғолияда 100 000
Қырғызстанда 45 000
Қытайда 1 500 000
Тәжікстанда 10 000
«Атамекен» әні орындалады.
6.Бағалау. Бағалау паақшалары арқылы бағаланады.
7. Үйге тапсырма:
1-топ. «Кіндік қаным тамған елім»-ой толғау жазу
2-топ. «Туған жердей жер болмас» эссе жазу.
3-топ. Жазушы туралы деректер , реферат жазу.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.
Сабақтан кейінгі ой-толғаныс: