ана тілінен ашыө сабақ Бала Мәншүк
Сыныбы: 4 «Б» Пәні: Ана тілі Мұғалімі: Ермекбай Ш. С
Тақырыбы: Бала Мәншүк.
Сабақтың мақсаты:
Қазақтың қаһарман қызы М. Мәметованың балалық шағымен таныстыру, оның ерлігі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -Кеңес Одағының батыры туралы толық мәлімет беру;
-Әңгіменің негізгі ойын анықтап, ой-өрісін дамыту;
-Тақырып бойынша сыни көзқарастарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: -М. Мәметова туралы мәлімет алады;
-Әңгіме мазмұнын толық меңгереді;
-Шығармашылық желісі бойынша талдау жасайды.
Көрнекі- құралдар:
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, көрсетілімдер, М.Мәметованың портреті, бүктеме.
Құралдар: ватман, маркер, стикер, А3, А1 форматты қағаздар.
Оқыту әдісі: топтастыру, ДЖИГСО, БҮБ кестесі, топқа бөлу, бес жолды өлең.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақ барысы.
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің сабақ кезеңі |
Оқушылардың іс- әрекеті |
||||||
Ұйымдастыру кезеңі.
|
«Жылулық» тренингін өткізу.
|
Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір- бірінің қолынан ұстап, жылы лебіздерін білдіреді. |
||||||
Топқа бөлу.
|
Түрлі түстер арқылы топқа бөлу.
|
Оқушылар түстерді таңдай отырып, 3 топқа бөлінеді. Қызыл түс- Батырлар Жасыл түс- Ержүрек Сары түс- Қайсар тобы. |
||||||
Білу. Үй тапсырмасын тексеру.
|
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. -Ә. Молдағұлова кім? -Әлия өсірген гүлдерді ата. -Артек дегенді қалай түсінесің? -Әлия жайлы ұстаздардың пікірі. -Қандай сабақтан «4»деген бағаға шықты? Топтастыру. (интер.тақтада топтастыру толтыру)
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын бір- біріне қояды.
Тақтада толтырады.
|
||||||
Түсіну.
|
«Миға шабуыл» -Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды? -Ә. Молдағұлованың есімімен есімі қатар жүрген қазақтың батыр қызы кім? -Қандай батырларды білесің? |
Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын айтып, бөліседі.
|
||||||
Мәтінмен жұмыс
|
«Елші» стратегиясы. 3 топқа мәтін бөлімдерін таратып беремін.
|
Әр топ ресурстан мәтін бөліктерін оқып, топта талдап, келесі топқа түсінгендерін баяндап береді. |
||||||
Қолдану.
|
БҮБ кестесін таратып беру
-Мәншүк кім? -Анасының аты кім? -Ол қайда барды? -Анасы қалай еркелететін? |
Әр топ Мәншүк туралы білгендерін кестеге жазады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
||||||
Сергіту сәті
|
«Әрқашан күн сөнбесін»әнін хормен айтқызу
|
Әнді әуенімен, қимылмен орындайды. |
||||||
Талдау.
|
Шығармашылық жұмыс. 1 топ: Әңгімедегі кейіпкерлерге сипаттама береді. 2 топ: Мәншүкке мінездеме береді. 3 топ: Бес жолды өлең құрастырады. Мәншүк |
Әр топ бірлесе отырып, жұмыс істейді. Топта талдап, келесі топқа жұмыстарын түсіндіреді.
|
||||||
Жинақтау .
|
Постер қорғау. -Мәншүк Мәметова туралы не білдіңдер? Әр топқа ватман таратып беремін. «БҮБ» кестесін толтыру |
Топпен постер дайындайды және оны қорғайды.
Кестені толтырады.
|
||||||
Кері байланыс
|
«Даналық ағашы» Кейіпкерге хат жазып немесе тілек жазу. Стикерлер таратып беремін. |
Стикерге тілектерін жазып, Дана ағашына іледі. Әр топ басшысы бағалайды. |
||||||
Бағалау.
|
Бағалау парақшасын таратып беремін.
|
|
||||||
Үйге тапсырма. |
Мәтінді оқып, мазмұндау. М. Мәметова туралы деректер жинап келу. |
Күнделіктеріне жазып алады. |